Басты тақырыпСпорт
ҰЛАН ӘЛЕМНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
Еліміздің бас қаласында 16-18 маусым аралығында қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты өтті. Әлем чемпионатында 32 елден келген 300-ден астам спортшы бақ сынады. Байрақты бәсекеде еліміздің спортшылары 21 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық бірінші орынды иеленді.
Осы дүбірлі жарыста ойылдық Ұлан Мұқашев алтын медаль жеңіп алып, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Айта кетейік, Ұлан Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 2019 жылы Әлем Чемпионы атанған болатын. Чемпиондық тұғырда тұрып, өзінің спорттық жолындағы соңғы бәсекесін өткізгенін айтқан Ұлан осылай үлкен спортпен жеңімпаз болып қоштасты.