ӘлеуметБасты тақырып
КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың ауыл тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны өткен бейсенбіде Екпетал елді мекенінде жалғасты. Алдымен ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына және алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Екпетал елді мекенінде алдыңғы жылы тұрғындардың талап-тілектері бойынша жарылған бетон -бағаналар ретке келтіріліп, жарықтандыру мәселесі толық шешілді. Ал газдандыру, жолды жөндеу жұмыстары биылғы жылдың еншісінде екенін баяндаған аудан әкімі тұрғындарды ауылдың тазалығына баса мән беруге шақырды
Кездесу түстен кейін Саралжын ауылдық округінің Қоңырат және Қайыңды ауылдық округі орталығы мен Көсембай елді мекендерінде жалғасты. Ауыл әкімі Ырғызбай Қосдәулетов өткен жылда атқарылған жұмыстарға кезең-кезеңімен тоқталып өтсе, аудан басшысы Асқар Қайырғалиұлы аудан бойынша атқарылған межелі істерге тоқталып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріп, ауылдық округ әкімдеріне тиісті мекеме басшыларымен бірлесе отырып, көтерілген өзекті бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Биыл «Қайыңды ауылына кіреберіс» 0-26,9 км. автокөлік жолын орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 340,907 млн, облыстық бюджеттен 326,6 млн. теңге бөлініп отыр. Тұрғындардың көтеріп жүрген мәселелері кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Өткен кездесулерде көшелерді жарықтандыру мен ауылға балалар ойын алаңының қажеттігі айтылған еді. Тұрғындардың бұл тілегі шешімін тапты. Сонымен қатар, биыл ауыл жастары үшін хоккей корты салынды. Ал, ауыл тұрғыны Дархан Өтегенов көпшілікті толғандырып жүрген малдың бағылуы мен өрісі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар жас мамандарға үй салу қажеттігін, қазіргі уақытта тұрғындарды бұралқы иттердің көбейіп кетуі алаңдатып отырғанын жеткізді. Ауыл маңында отырған шаруа қожалықтар әкімдіктің жерінде отырғандығын сөз етті.
Көсембайлықтар ауылдың кейбір бөліктерінде жарықтың жоқтығын, газет уақытында келмейтіндігін жеткізді.
Көсембай ауылында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 31 тұрғын ниет білдірсе, бүгінгі таңда 4 тұрғынның құжаттары дайын.
Тұрғындардың өтініш-тілек, арыз-шағымдарын мұқият тыңдаған аудан əкімі бірқатар мәселелердің назарға алынатынын, алдағы уақытта шешу жолдарын қарауға сенім білдірді.
Өз тілшіміз.