ӘлеуметБасты тақырып

АУДАН ТАҒЫ БІР ЖАҢА НЫСАНМЕН ТОЛЫҚТЫ

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда әлеуметтік дүкендердің септігі мол. Өткен жұмада «Мұрагер» шағын ет, көкөніс, жеміс дүкені ашылды. «Мұрагер» шаруа қожалығы 2008 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді.
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, мал басын көбейтіп, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына үлесін қосуда.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаев салтанатты ашып, әлеуметтік дүкеннің аудан жұртшылығы үшін маңызы зор екенін айтып, жеке кәсіпкер Өркен Ақеділовтің бастамасына сәттілік тіледі.
Дүкен иесі Өркен Ақеділов өз еңбегімен нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бастаған ісін аяқтап, ауылшаруашылық өнімдерін төмен бағамен қамтуды қолға алуда. Ең бастысы, мұндағы ет өнімдері өз шаруа қожалықтарынан келеді.
«Отбасымызбен кеңесе отырып, шағын дүкен ашуды жөн санадық. Ет өнімдерінің санын көбейтіп, болашақта кәсібімізді одан әрі кеңейтсем деген ойым бар» — дейді жеке кәсіпкер.

Басқа жаңалықтар