Басты тақырыпМәдениет

Әсел ізбасарларына шеберлік көрсетіп, ойылдықтарды серпілтті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР мемлекеттік күзет қызметі президенттік оркестерінің бас бишісі Әсел Әлібекова ауданымызға келіп өнерін көрсетті. Ойылдықтарға өз өнерімен қосааудандағы би үйірмелеріне қатысатын жасөспірімдер мен кішкентай бүлдіршіндерімізге шеберлік сағатын өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Әрбір адам тандаған мамандығын барынша жоғары денгейде көрсеткенді қалайды. Бидің де өзіндік тәсілдері болғандықтан шеберлік сағаты екі-үш сағатқа созылды. Бидің атауларымен, терминдерімен қатар әр ұлттың билеріне қысқаша тоқтала кетіп барынша іс – қимылдарымен көрсетті. Әсел бала күнінен биді жанына серік еткен. Ол талай мәрте шетелдерден қазақтың биін насихаттап жүлделі орындармен марапатталған. Оның алғашқы ұстазы Шұғыла Сапарғалиқызы болса, ал өмірде гастролдік сапарларда да жанынан табылып үнемі қолдау көрсететін, бала күнінен биге баулыған өзінің туған анасы екен. Жыл сайын болатын Президент оркестерімен бірге маңызды іс-шара Мәскеу қаласының «Қызыл алаңында» Спасская башня деген конкурста ең алғаш болып қазақ биін билеген Әсел екен. Ол мұнымен тоқтап қалған жоқ. Жақында Грекияда өткен «Альмурия» деген халықаралық фестивалінде қазақ биін билеп, елді таңғалдырып келіпті. Олар үшін біздің қазақ биі экзотикасымен қатар біздің киімімізбен әшекей бұйымдарымызға деген қызығушылықтары жоғары екенін де айта кетті. Әрине өзге елдің халқы біздің қазақи нақыштағы бұйымдарымызға деген қызғушылығы артса, бізді ол тек ғана қуантады. Әселдің жан-жақты екендігі іс-әрекетінен байқалды. Дегенмен туған елге тағзым жасап келген Әселді Ойыл жұртшылығы құшақ жая қарсы алды. Оның осы іссапары бұнымен тоқтап қалмайтынын, бүгінгі болатын концерт алдағы уақытта кең көлемде ұйымдастырылып жатқан өзінің жеке шығармашылық кешіне өзін-өзі шыңдауы екенін де атап етті. Әселдің репертуарында билердің түр-түрі бар екен. Солардың  ішінде бүгінгі кешке Азиялық би түрін көрсетті. Біз күткен концертте басталды. Би өнерін көруге жиналған көрермен уақытынан бұрын ертерек жиналды. Сахнада өзін еркін сезініп, халыққа тамаша көңіл күй сыйлап, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Кеш соңында аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы сөз сөйлеп өз алғысын айтты. Бұндай би өнерімен концертік бағдарлама қойып келетіндер жоқтың қасы. Әлбетте осы концертті көріп отырған көрермендердің арасынан менде осындай болсам екен? — деген бүлдіршіндердің армандары оянды ма екен? Бұл оларға үлгі, бізге мақтаныш! Осылай туған жеріне тағзым ете келу болашақтың бағдарын айқындайды. Қазақ халқының ұлттық танымына арқау болған құндылықтарды игере білу, насихаттау бұл бізідің парызымыз.

 Өміргүл ӘМІРХАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар