Басты тақырып
«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕН
Өткен апта ауданға іссапармен облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының және «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Нұржан Шаңғытбаев келді.
«Ойыл орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің» шілде айында еңбек етіп жатқан «Жасыл ел» сарбаздарымен тәлімбақта кездесу өткізіп, жастардың ұсыныстарын тыңдады. Жұмысытарына сәттілік тіліп, белсенді жұмыс атқарып жатқан жастарды Алғыс хатпен марапаттады.
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы және «Атамекен» студенттік отрядының жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылған аудандық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарымен Ойыл өзенінің суға түсуге рұқсат етілген жерлеріне «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды. Жастар өз еліне деген жанашырлықтарын таныту, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіру мақсатында шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинады.
Көп жағдайда демалыс орнына барып демалған соң, қоқыстарын қалдырып кететін адамдар жоқ емес. Тұрғындарды жағалаудың тазалығына бей-жай қарамай, табиғатымызды аялап таза ұстауға шақырамыз.