ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ «АДАСУДЫҢ» АЛДЫН АЛАДЫ

Бүгінгі қоғамда дәстүрлі және діни жат ағымдардың ара-жігін ажырата білудің маңызы аса жоғары. Діни сауаты болмаған адам адасуы әбден мүмкін. Діни сауаттылық, мәдениетке баулу бала кезден басталуы керек.

Осы орайда жуырда ауданға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Парасат» ақпараттық-кеңес беру және оңалту орталығының теолог маманы Мақсат Мұратұлы келді.
Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушыларымен, аудан орталығындағы қоғамдық көлік жүргізушілерімен, Ж.Жүсібалиев қазақ орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен Ойыл кәсіптік колледжінің студент жастарымен кездесіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесулер еркін форматта өтті.
Теолог «Дін мен қоғам», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыптарында дәріс оқыды.
Кездесуде тыңдармандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. Аудан орталығында орналасқан сауда үйлерін де аралап, өзін-өзі қамтушы азаматтарға түсінік жұмыстарын жүргізді және діни ақпараттандыру мақсатында жадынамалар таратылды.

Басқа жаңалықтар