ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ ЗАҢНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ДА ОРЫНДАЛУЫ ТИІС!

Осы аптада аудан әкімінің орынбасары Нұржау Тұрғамбеков пен аудан прокуроры Ақеділ Үсенов кәсіпкерлермен кездесті.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Ойыл аудандық филиалының бастамасымен өткен кездесу жиынға аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің, аудандық мемлекеттік кірістер мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары және аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан прокуроры Ақеділ Қайсарұлы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан кәсіпкерлікке келтірілетін кедергілердің алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірме берді.
«Мобильді аударымдар мен бөлшек салықтың арнаулы режимдері» бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Лаура Айдынғалиқызы, «Кәсіпкерлік нысандарға қойылатын санитариялық талаптар туралы» аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғарифолла Құбаевтар баяндаса, жергілікті полиция бөлімінің бастығы Махамбет Бақдәулетов әсіресе шаруа басшыларына малды бағу мәселесі туралы талаптарды түсіндірді. Ал, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Абат Мүбараков шаруа қожалықтарына мемлекеттік бағдарламалар арқылы төленетін субсидиялардың тәртібі мен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелендіру барысына тоқталса, аудандық ветстанция мекемесінің директоры Серік Сармұханов мал басын бірдейлендіру мен ветеринарлық шаралар туралы баяндады. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік органдардың өкілдері жан-жақты жауап берді. Кездесу барысында аудандағы жолаушылар тасымалы саласындағы келеңсіздіктер мен заңсыз кәсіпкерлік туралы да мәселе көтерілді.

Басқа жаңалықтар