ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
“НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ”
Бүгін Ынтымақ күнінде аудан жұрты наурыз мейрамын тойлауға орталық саябақта ұйымдастырылған мерекелік шараны тамашалауға көптеп жиналды. “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні” мәдени-көпшілік шарасында ән әуелеп, күй күмбірлеп, қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді.
4 Алдымен қазақтың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, ұлттық дастарханын, ұлттық киімін, ұлттық мұрасын, ұлттық аспаптары мен ұлттық ойындарын насихаттайтын сән-салтанаты жарасқан көш-керуенмен басталды. Жалпыға қуаныш сыйлаған мереке күні ұлттық киімімізді киіп көшеге шыққан үлкен-кіші бір отбасының адамдарындай емен-жарқын араласып, көптен көрмегендер бір-бірімен көрісіп жатты.
“Наурыз мейрамы іргесі сөгілмеген, бірлік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың, татулық пен сыйластықтың, ізгіліктің және бақыттың берекесі.
Наурыз мерекесінде барлық отбасына аманшылық, береке-бірлік, ырыс болсын. Мереке тағы да құтты болсын! -, деп Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, наурыз мейрамына атсалысқан барша аудан тұрғандарына, кәсіпкерлерге алғысын білдірсе, Тілеген Алданаев, Айдынғали Тұраналиев ақсақалдар ақ баталарын берді. Наурыз мейрамын тойлауға бағытталған «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында ауданымызда әр күн сайын екі жерде көше наурыз мейрамдары ұйымдастырылған болатын. Сол шараларға белсене атсалысқан мекеме қызметкерлері мен көше тұрғындары 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жиналған жұртшылық киіз үйлерге кіріп, аудандағы мекеме ұжымдары дайындаған наурыз көже мен палаудан дәм татты.
Спортсүйер қауымда бұл күні тамаша тартыстардың куәсі болды. Тепсе темір үзетін жігіттер қазақ күресі, арқан тартыс, қол күрес, ләңгі тебу, гір спорты сынды сайыстардан бақ сынасты.
Жарыс нәтежесінде Қазақ күресінен Н.Жұмабергенұлы lll орын, А. Айбекұлы ll орын, Д.Асқатұлы l орын. Қол күрестен Ә.Берниязов lll орын, Ә. Мұқатаев ll орын, Р.Бекмұханов l орын. Ләңгі тебуден Н.Ешімов lll орын, Ә.Хамитов ll орын, Қ.Абдрахманов l орын. Арқан тартыстан 1992 жылғы туылған азаматтар lll орын, Орталық аурухана ll орын, 1987 жылғы туылған азаматтар l орын. Гір спортынан Ж,Жақсығалиев lll орын, З.Сабыров ll орын, Р.Сапарғали l орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімінің мадақтама қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.