ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ДӘСТҮРЛІ ЖАРЫС – АТА-АНАҒА ҚҰРМЕТТІҢ ҮЛГІСІ

Жуырда Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері Қожас Қарабалиевты еске алуға арналған ересектер арасында волейболдан XVIII дәстүрлі аудандық турнир және Ұлы Отан Соғысының ардагері Жаңыл Бақтыгелдина еске алу алуға арналған қыздар арасында аудандық VII-ші кубогі өтті.

Турнирдің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, спорт ардагері Рақым Қарабалиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Турнирге ерлер командасы 9 команда, аудан әкімдігі, Қандыағаш, аудандық орталық аурухана, Сарбие, Саралжын, Ш.Берсиев, Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясы, спорт мектебі, қыздар командасы 6 команда Ойыл кәсіптік колледжі, Қайыңды, Саралжын, Сарбие, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясы, спорт мектебі қатынасты.
Турнир қорытындысы бойынша ерлер командасы lll орынды Қандыағаш командасы, ll орынды Ойыл спорт мектебі командасы, l орын Саралжын командасы ие болды. Қыздар командасынан lll орын Саралжын, ll орын Спорт мектебі, l орын Саралжын командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтама қағаз, медаль, кубоктар табысталды.

Басқа жаңалықтар