Әлеумет
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮЛІКТІК ШЫҒЫНДАРЫН БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
2024 жылғы 22 сәуірінде 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидаларын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің №18 бұйрығы шықты. Соған сәйкес, аудан әкімінің қаулысымен «Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен деп тану және мүліктік шығындарды алдын-ала бағалау» жөніндегі комиссия құрылды.Жуырда аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Нұржау Тұрғамбеков бастаған комиссия мүшелері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ойыл ауылдық округінің Екпетал ауылы мен Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округтің орталығы Қаратал ауылының кәсіпкерлік нысандарын аралап, кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын алдын-ала бағалау жұмысын жүргізді.