ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне орай, Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Темекіні алмаға айырбаста!» тақырыбында акция ұйымдастырылды.
Акция аясында аудан жастары, Ойыл аудандық ауруханасының ЗОЖ дәрігері Айгүл Майлыбаева және аудандық аурухананың мамандары қатысты.
Акция барасында тұрғындар темекілерін қорапшаға салып, орнына алмамен витаминдерге айырбастады. Сонымен қатар аудандық аурухана мамандары тұрғындарға нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық парақша таратты.

Басқа жаңалықтар