Биыл Ойыл ауданы бойынша италия шегірткесіне қарсы 52710 гектарға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның ішінде 42190 гектар жермен, 10520 гектар әуемен өңделді.Сонымен қатар жоспардан тыс қосымша 2000 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Шегірткеде шекара жоқ, оның кез келген уақытта сырттан келу қаупін де жоққа шығаруға болмайды.Сондықтан маусым айында Батыс Қазақстан Орал облысы Сырым ауданы және Атырау облысы Қызылқоға ауданымен екі жақты ынтымақтастық келісім жасалды.Қазіргі уақытта Ойыл аудандық аумақтық инспекция қызметкерлері және «Республикалық фитосанитариялық диагностика мен болжамдар әдістемелігі орталығы» Ойыл аудандық филиалы мамандарымен бірлескен түрде жазғы мониторингтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы біздің негізгі мақсатымыз – бірлесе отырып, зиянды организмдерге қарсы күрес іс-шараларын дер кезінде әрі сапалы жүргізу, олардың жаппай таралуының алдын алу және ошақтарын жою.
ҚР АШМ АӨК МИК Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы