ӘкімдікБасты тақырып

СЕССИЯ БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАП,

МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясы өтті.Аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин төрағалық еткен сессия жұмысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, кейбір аудандық бөлімдер басшылары қатысты.Алдымен Ақтөбе облысы, Ойыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсанындағы №95 «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов хабарлама жасаса, Ақтөбе облысы, Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы №137 «Ойыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекболат Иманғалиев баяндады.Аудандық мәслихаттың депутаты Еркін Жиеналин автомобиль жолдары шешілмеген елді-мекендердің талап-тілектерін осы аудандық бюджеттен үнемделген қаражатпен шешуді ұсынды.Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, аудан әкімі Асқар Қазыбаев кейбір мәселелерге орай өз пікірін білдірді.

P.S Сессиядан соң аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин бастаған мәслихат депутаттары тал егу жұмыстарына белсене қатысты. Аудан орталығында орналасқан саябаққа 50 түп тал отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар