Рухани жаңғыру
ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП ОЙЫЛДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Өткен бейсенбі-жұма күндері облыстық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ақпараттық түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету бөлімінің басшысы Сансызбай Ұлқабай және осы орталықтың теолог маманы Сапар Саматов Ойыл ауданында іссапармен келді. Екі күндік іссапар барысында мамандар Ойыл ауданына қарасты Сарбие, Қараой ауылдары және аудан орталықтарында кездесулер өткізіп, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі дін турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Күн тәртібіндегі шаралар кешені дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына қарсы іс-қимыл жүргізуге бағытталды. Халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараларға Ойыл аудандық мәдениет саласының қызметкерлері, аудан жастары, мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлермен ауыл тұрғындары қатынасты. Кездесулер барысында мамандар қызметкерлер тарапынан қойылған барша сұраққа нақты жауап берді.