ӘлеуметРухани жаңғыруЭкономика
Ойылдықтар да үлес қосты
Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгінде акция аудандағы барлық ауыл округтерде өткізіліп жатыр. Өткен апта акция аясында «Таза орман» күні өтті. Сенбілікке аудандық маслихат депутаттары, «Amanat» партиясының мүшелері, мекеме қызметкерлері, аудан жастары мен «Жасыл ел» жасақшылары атсалысты.
Екпетал ауылын тазарту жұмыстары барасында су шайған көшелері тазаланып, 24 тонна қоқыс шығарылды.
Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы полигондарға жеткізілді.
Жалпы сенбілік жұмыстарына Ойыл ауылдық округі және Екпетал орман шаруашылығының техникалары жұмылдырылды.