ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АУДАНҒА БЕРІЛГЕН КВОТА БӨЛІНДІ
Өткен апта аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаевтың төрағалығымен және аудандық прокуратурасының прокурор көмекшісі Сәбит Меңдібаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сәндібек Даулетқалиев және квота белгіленген мекемелердің жауапты мамандарының қатысуымен Ақтөбе облысының әкімінің «2024 жылға квота белгілеу туралы» қаулысын орындау мақсатында кездесу өтті.
Квота белгіленген мекемелер «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көкжар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ойыл аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ойыл аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Кездесу соңында квота белгіленген мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.