Әлеумет

АҚНИЕТТІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ!

ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ БАЙҒАНИН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫ, ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, «ДАЛА ДАУЫСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ОРАЛ-ҚОСАЙ БАЙСЕҢГІР ШЫҒАРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЖЕМ-САҒЫЗДЫҢ ӘН САМАЛЫ» АТТЫ ІІ-АЙМАҚТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ.

ІІ кезеңнен тұратын байқауға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарынан таңдаулы талапкерлер қатысты. Біздің облыстың атынан қатысқан халықтық «Шапағат» Ешпановтар отбасылық ансамблінің мүшесі Ақниет Боранбайұлы бас жүлдемен қатар 500 000 теңгелік сертификатты қанжығасына байлады.
Өнерімен өрге жүзіп, Ойылдың даңқын әлемге шығарып, биік белестерден көрініп жүрген Ақниеттің өнерін қазылар алқасының мүшесі Алдаберген Жақсыбаев жоғары бағалады.
Кәсіби әнші Ақниеттің талантына бас иіп, Ойылдың ғана емес, облыстың даңқын әлі талай аспандататынына сенімді.

 

Басқа жаңалықтар