Әлеумет

АЭС — бұл таза энергияға қол жеткізу

Қазақстанда электр энергиясы тапшы. 2012 жылдан бері АЭС салу керек пе деген мәселені талқылап, енді ғана бір тоқтамға келдік. Басқа энергия өндіру көздері ішінде АЭС-ті ең мықты электр станциясы деуге болады. Біріншіден, көмір жағатын станциялар сияқты көп шығын шықпайды. Қазақстан уран қоры бойынша әлемде екінші орында. Сол себепті елімізде АЭС салу үшін бәрі бар деп айтуға болады.
Елестетіңізші, бүкіл Қазақстанды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қанша жел немесе күн электр станциясы қажет! Жекелеген кәсіпорындар мұндай көздерді пайдалансын, бірақ жалпы республика АЭС қажет. Бұл қауіпсіздік мәселесі.
— АЭС — бұл таза энергияға қол жеткізу, халыққа пайдалы бейбіт атом. Көптеген елдер ядролық энергетиканы пайдаланып жатыр, енді Қазақстан да соны жасай алады.
Жакина Айнаш Асылбековна
Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері

Басқа жаңалықтар