Әлеумет

Астанадағы Ойынға ат салысты

8-13 ҚЫРКҮЙЕК КҮНДЕРІ ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДА 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ. 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ АЯСЫНДА АПТА БОЙЫ 21 СПОРТ ТҮРІНЕН САЙЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. ДҮБІРЛІ ДОДАҒА 89 МЕМЛЕКЕТТЕН 2500-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ.

Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімінің жаттықтырушысы Нұрлан Арихов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, ұйымдастыру ісінде көрсеткен көмек-қолдауы үшін Астана қаласының ұйымдастыру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Ақтөбе облысының атынан әкімдіктің таңдауымен 10 елші, 1 батыр 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бардық. Әр облыстан келген делегация этно ауылдарда ұйымдастырушылардың берген тапсырмаларын орындап, көмек-қолдау көрсеттік», — дейді Нұрлан арнайы тілдескенде.

Басқа жаңалықтар