Әлеумет

АУДАННЫҢ ТҰРМЫСЫ МЕН ТЫНЫСЫ ДЕПУТАТТЫҢ ДА НАЗАРЫНДА

Өткен аптада облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев Ойыл ауданында жұмыс сапарымен болды.
Облыстық мәслихат депутаты Ойыл ауданына сапарын аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин және партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат депутаты Еркін Жиеналиндермен бірге Саралжын ауылдық округіне қарасты Ақкемер елді мекенінің әлеуметтік нысандарының жұмыс барысын қарап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, жеке мәселелерімен қабылдаудан бастады.
Ойыл селосында “Amanat” партиясының Ойыл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау жүргізді.
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылы тұрғындарымен кездесіп, мұң-мұқтаждарына құлақ түрді.
Депутатқа өтінішін айтқандардың дені көктемгі су тасқынының алдын алу, тұрғын үй, бөгет мәселесі, өткен жылғы төтенше жағдай кезіндегі төленген біржолғы әлеуметтік төлем, Ақкемер ауылында жаңадан пайдалануға берілген 16 тұрғын үйдің құжатын жасақтау, көшені жарықтандыру, Ақкемер ауылына газ жүргізу, бойдақ мал бағу, мал азығының бағасын тұрақтандыру, жұмыс, Ойыл өзені арнасын тазалау т.с.с. мәселелер толғандырады. Барлық ұсыныс-пікірлер тыңдалып, заңдылығы аясында түсінік беріліп, өтініштер назарға алынды.
Халық қалаулысы сондай-ақ, Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «AMANAT» партиясының «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында «Маған әсер еткен кітап» челленджіне атсалысып, өзіне ерекше әсер еткен шығармалар жайлы ой бөлісіп, кітап оқудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Кездесу соңында кітапхана қорына құнды туындылар сыйға тартты.

Related Articles

Back to top button