«АУЫСПАЛЫ КУБОК» — ОЙЫЛДА ҚАЛДЫ

Ойыл ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай спорттық рух пен салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында воллейбол турнирі ұйымдастырылды. 2025 жылдың 6 наурызында Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қыз-келіншектер арасында волейболдан «Ойыл кубогі» аудан біріншілігіне ауданның түрлі мекемелерінен құралған тоғыз команда қатысты. Тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша топ жарған Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі «Ауыспалы кубокқа» ие болса, Қайыңдыдан келген қыз-келіншектер жарыстың күміс жүлдесіне қол жеткізді. Шығанақ Берсиев ауылдық округінің қыздары қол медалды қанағат тұтты.
Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. Ш. Болатова — Үздік шабуылшы болса, М. Қожамұратова — Үздік байланыстырушы деп танылды. Үздік қорғаушы жүлдесі М. Байниязоваға бұйырды.