Рухани жаңғыру
«Туған жерге тағзым» Ағаларының жасақтаған алаңы, балалардың ойын ордасы
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Туған жерге тағзым» акциясы жырақтағы жерлестеріміздің тарапынан кең қолдау тапты. Олар Ойылда әртүрлі әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне мұрындық болып, көшенің келбетіне атсалысты.
Енді ауылдағы азаматтар да атымтай ағалардың ісін өз үлестерімен жалғап жатыр. Әсіресе, жастардың ойын алаңдары мен шағын спорттық кешендерді тұрғызып жатқан азаматтар қандай алғысқа да лайық. Мәселен, селоның күншығысындағы «Жолшы» балабақшасының жанындағы алаңқайға спорттық алаң жасаған «Энергосистема» ЖШС-нің Ойыл бөлімшесі мен «Қазақтелеком» АҚ Ойыл бөлімшесінің қызметкерлерінің күшімен турниктерде кешкілік сол маңдағы жастар жаттығып жүр. Олардан үлгі алған кішкентай балалардың да спортқа талпынғанын көріп қуандық.