Референдум – азаматтардың ел болашағына қатысу мүмкіндігі

Қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттерде халықтың билікке қатысуы маңызды орын алады. Азаматтардың мемлекет ісіне араласуы тек сайлау арқылы ғана емес, сонымен қатар референдум арқылы да жүзеге асады. Референдум – бұл елдегі маңызды саяси, әлеуметтік немесе құқықтық мәселелер бойынша халықтың тікелей дауыс беруі арқылы шешім қабылдау тәсілі. Сондықтан референдум азаматтардың ел болашағын анықтауға қатысуының маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Ең алдымен, референдум халықтың еркін білдірудің ең ашық және әділ тәсілдерінің бірі. Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, мемлекет үшін маңызды шешімдерге ықпал ете алады. Бұл демократияның негізгі қағидаларының бірі – биліктің халыққа тиесілі екенін көрсетеді. Азаматтар референдумға қатысу арқылы өздерінің азаматтық құқықтарын жүзеге асырады және ел дамуына жауапкершілікпен қарайды.
Кереева Ақсаулет
Кәсіпкерлік бөлімінің жетекші манан



