Рухани жаңғыру
«МЕКТЕП ОРМАНШЫЛЫҒЫ» — ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

«Таза Қазақстан – 2025» ұлттық экологиялық бағдарламасын іске асыру мақсатында Ойыл ауданындағы білім беру мекемелерінде табиғатты қорғау бағытындағы іс-шаралар кеңінен қолға алынуда. Соның бірі негізгі мақсаты – оқушыларды табиғатты аялауға, орманды қорғауға, жасыл желекті көбейтуге тәрбиелеуді көздейтін мектеп орманшылығы.
Осы бастамалар аясында өткен сенбі күні аудан әкімі А.Қазыбаев жуырда ғана құрылған «Мектеп орманшылығы» оқушыларымен бірге тал егу жұмыстарына қатысты.
Жас жеткіншектер алдында сөз сөйлеген аудан әкімі жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесін күшейту, табиғатқа жанашырлықпен қарауды қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.