Әкімдік

АЛТЫ АУЫЛДЫҢ АЙТАРЫ БАР!

АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ ӨТКЕН АПТАДА САРАЛЖЫН ЖӘНЕ ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Кездесу барысында Асқар Қазыбаев Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға жеке-жеке тоқталып, ауданның және ауылдық округтердің әр саладағы өсім деңгейімен таныстырып өтті.
Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл тұрғындары жергілікті жердегі бірқатар өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Саралжын ауылдық округіне қарасты ауылдардың тұрғындары жол мәселесі, қысқы мал азығын даярлау, ауылды газдандыру сынды бірқатар мәселелер көтеріп, жеке шаруа қожалықтарының ауылдық округтің жайылымдық жерлерінің тарылуына соқтырып отырғанын жеткізді.
Ал, Қайыңды Көсембай ауылдары тұрғындарының тарапынан орталықпен қатынайтын жол мәселесі, газ мәселесі, мал ауруларының алдын алу шаралары туралы мәселелерді алға тартты. Сонымен қатар жұмыс мәселесі және қысқа дайындық жұмыстары талқыланды.
Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары аясында жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кездесу соңында, ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді.

 

Related Articles

Back to top button