ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпДенсаулық

ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНІ ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Шалғай ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында, өткен аптада ауданымызға облыс орталығынан жылжымалы диагностикалық медициналық кешені келді.

Бұл кешеннің іші хирургиялық, гинекологиялық, рентген, тіс аурулары, кардиологиялық, УЗИ, жалпы қабылдау бөлмелері мен зертхана осы заманғы медициналық қондырғылар мен жабдықталған.
Кешен құрамында облыстық кеңес беру-диагностика орталығының білікті дәрігерлері гастроэнтеролог, невропатолог, уролог, хирург, рентгенолог, барлық ағзаны қарайтын узист УЗИ аппаратымен, гинеколог сынды мамандар село тұрғындарын қабылдады. Олар Сарбие, Қайыңды елді-мекендерінде болып, 215 адамға медициналық қызмет көрсетті. Нақтырақ айтсақ, 78 адам гастроэнтерологқа қаралып, қаралуға келгендердің көбісі ішкі органдарын узиге түсірді. Арнайы мамандар денсаулығына алаңдап, шипа іздеген жандарды узиге, басқа да медициналық аппараттарға түсіріп, қорытындысы бойынша ем тағайындады. Мұндай қызметтер негізінен ауруды тез анықтауға, алдын-алуға медициналық көмек пен кеңес беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар