Білім

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 12-16 мамыр аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Ақтөбе облысына іс-сапармен болды.

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда түсіндіру жұмысын жүргізу және деструктивті діни идеялардың таралуын алдын алу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.
Жоспарға сәйкес Републикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Қ. Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедра меңгерушісі — Сәрсенбин Үмбетхан Қуандықұлы Ойыл ауданында іс-сапарда болды. Атап айтқанда, РАТТ мүшесі Ойыл аудандық кәсіптік колледж студенттірмен, Ойыл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде спортшылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі және сыни ойлау дағдылары», «Ұлттық құндылықтар — ұлт қорғаны» тақырыбында ақпарат түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

Related Articles

Back to top button