Рухани жаңғыру

ОЙЫН БАЛАЛАРЫНА ОРТАҚ АЛАҢ ЖАСТАРҒА ДА ЖАТ ЕМЕС!

Бұрын аудандағы кішкентай балақандарымыз жерлесіміз Талғат Салфиковтың демеушілігімен салынған Б.Бақаев көшесіндегі балалар алаңында ойнайтын еді. Қазір міне елге жанашыр жомарт жігіттің бастаған игі ісі «Туған жерге тағзым!» акциясымен ұштасып, ауыл азаматтары арасында жалғасын тауып келеді.

Село ішіндегі бірнеше көшеге балалар ойын алаңдары салынуда. Бұл алаңдар қазір таңертеңнен кешке дейін балалар шуына толы. Міне осындай балаларға қуаныш сыйлаған балалар алаңының тағы бірі «Тәуелсіздік» көшесінің бойында орналасқан. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған балалардың ойын алаңына Ойыл ауылдық округі арқау болды. Алаң іші балалар ойнайтын жабдықтармен қамтылған. Аталған көшенің балалары жазғы демалысын осы алаңда өткізіп жатыр. Бүгінгі күнде балалар алаңы балақайлар қарасынан бір босаған емес. Сонымен бірге онда ересектерге арналған воркауттар да бар. Күн ұзағына балалар асыр салып ойнаса, кешкілік жастарымыз денелерін шынықтырады. Алаңдағы арнайы қойылған төбесі жабылған үстелдер де жастардың отыруына қолайлы.

М.ӘДІЛБАЙҰЛЫ,

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар