Мен Қазақстан Республикасының Ата Заңының жобасын қолдаймын,

Мен Қазақстан Республикасының Ата Заңының жобасын қолдаймын, өйткені Конституция – мемлекеттіліктің құқықтық негізі әрі қоғам дамуының стратегиялық бағдары. Ата Заң – тек нормативтік құжат емес, ол – халықтың еркі мен тарихи таңдауының заңды көрінісі.
Конституцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені айқын көрсетілген. Бұл қағидаттар ел дамуының басты бағыттарын айқындайды. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде танылуы құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарты болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, Ата Заң жобасы азаматтардың мүддесін қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды құжат деп есептеймін.
Сонымен қатар, Конституция билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің бөлінуі – демократиялық жүйенің басты кепілі. Бұл қағида мемлекеттік басқаруда ашықтық пен жауапкершілікті арттырады.
Айдарбаев Мұратбай Болатұлы — Ойыл ауданының архив басшысы


