Білім
Күміс қонырау сыңғыры 3300 оқушыны мектепке шақырды
1 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірінде білім мерекесі аталып өтті. Дәл сол күні мектепке қарай ағылған барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, ұстаздарымен қауышты.
Биыл 2018-2019 жаңа оқу жылын аудандағы 23 білім беру ұйымы 3300-ге жуық оқушымен бастады. Айтулы мерекеде аудан әкімі Дастан Сағыров Қайыңды ауылдық округінде болып, алғашқы қоңыраудың салтанатты шарасына куә болды. Саға мектеп-балабақшасы жаңа оқу жылына 109 оқушымен кіріссе, оның ішінде 13 балдырған мектеп табалдырығын алғаш аттап, сыңғырлы қоңырау үнімен табысты. Аталған білім ошағының жалпы білім сапасы 60% көрсетсе, оқушыларға білім беруге биылғы жылы 32 мұғалім дайын отыр. Әрі қарай жалғасақ, арнайы шара үстінде сөз алған аудан басшысы Дастан Жарылқасынұлы барша оқушылар мен ұстаздарды білім күнімен құттықтап, биылғы жылды да үлкен жетістіктермен аяқтауға сәттілік тіледі. Сонымен бірге оқушылардың білімімен қоса тәртіптерін де қатаң қадағалауға, яғни бала тәрбиесіне баса назар аудару керектігін ескертті. Ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналардың арасындағы байланыстың бір сәт үзілмей ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас буынның болашаққа нық қадам басулары үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Одан кейінгі кезекте Саға мектеп-балабақшасының директоры Тұрлан Дүйсенғалиев алдымен алтын ұяның жетістіктерімен бірге атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, өткен жылы жоғары деңгейде облыстық, республикалық байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттады. Сонымен бірге алғашқы әскери дайындығы пәнінің мұғалімі Базарбай Шуақовқа Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалін табыстады.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл-Қайыңды-Ойыл.
1-ші қыркүйек күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоныраудың сыңғыры естіліп, оқушылардың метктепке асығатын кезеңі.
Осы орайда сенбі күні Саралжын ауылдық округіндегі алғашқы қоңырау шарасына барып қайтқан болатынбыз. Жалпы Саралжын мектебінде биыл мектеп табалдырығын 165 бала аттағалы отырса, оның 15-і бірінші сыныпқа қабылданатын бүлдіршіндер. Айта кетсек, бала саны алдыңғы жылдан қарағанда төмендеу көрсеткішті көрсетіп отыр екен. Бұл шараға арнайы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Жанболатұлы қатысып,сөз сөйледі «Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздерді жаңа оқу жылымен Ақтөбе облыс әкімдігінің атынан құттықтаймын. Әрқашан дендеріңіз сау болып, білім көкжиегінде биік жетістіктерге жетіп, шарықтай беріңіздер.» деп өзінің игі тілегін жеткізді. Әрмен қарай аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Сабырқызы да биылғы жетістіктер туралы айта кетті. «Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Бүгінгі білім күні мерекесі бәрімізге де құтты болсын. Дәл бүгінгі білім күні барлық жерлерде тойлануда. Сол болып жатқан өзгерістен біздерде тыс қалып жатқан жоқпыз. Ойыл ауданын өңірінде өздеріңізге белгілі көптеген білім саласына жаңалықтар мен жетістіктерге толы. Соның бір парасы кешегі өткен ҰБТ-да жақсы жетістікке жетіп көптеген оқушыларымыз грант игері болып, 175 баланың 85-і грант иесі атанып әрбіреуі бір кірпіш болып қалануда. Ертеңгі күні сіздерге де осыны тілеймін.» деп сөзің түйіндеді. Шара соңында мектеп директоры Кенжебай Қазмағамбетов ұстаздар мен оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, биылғы мектептегі жаңалықтармен білім сапасына тоқтала кетіп, бірқатар ұстаздарға алғыс хаттар табыстады.
Әрмен қарай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Жанболатұлы, Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұратбай Айдарбаевпен мектеп ішіндегі спорт залдармен қатар спорттық алаңдарын аралады.
Өміргүл Темірхан