КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ – ЕЛДІК ПЕН ЕГЕМЕНДІКТІҢ АЙҒАҒЫ

Өткен апта мереке қарсаңында аудан орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Бұл іс-шара 25 қазан – Республика күніне және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме және бөлім басшылары, жастар, мектеп мұғалімдері меноқушылары және жұртшылық өкілдері қатысты.
Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Бұл сәт еліміздің егемендігі мен бірлігін айшықтап, қатысушыларға зор рух пен патриоттық сезім сыйлады.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаев өз құттықтау сөзінде Республика күні – мемлекеттілігіміздің қалыптасуы мен тәуелсіздігіміздің символы екенін атап өтті.
«Көк Ту – елдігіміздің, бірлігіміздің және бейбіт өміріміздің нышаны. Оны биікке көтеру – әрбір қазақстандықтың парызы мен мақтанышы», – деді аудан басшысы.
Рәсім соңында қатысушылар Мемлекеттік Туға құрмет көрсетіп, еліміздің абыройы мен бірлігінің мәңгі жасайтынына сенім білдірді.
Мемлекеттік туды көтеру салтанаты – елге деген сүйіспеншілік пен рухани тұтастықтың айғағы.
Көк байрағымыз әрқашан биікте желбіреп, Қазақстанның жарқын болашағын айшықтай бермек.



