ӘлеуметБілім

Ұстаздар мәртебесі — ұрпаққа үлгі

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» — деп ұлыларымыз айтып кеткендей, расымен де ұстаздық жолында бәріміздің бас иетініміз айқын. Жазу мен оқуды, тәрбие мен білімді ұштастырып үйрететін қымбат жандар әрине ұстаздар. Міне осындай ұлағатты ұстаздар қауымына арналып «Ұстаз ұлағатты есім» атты мерекелік шара «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы демалыс орталығында» өтті.

Оған аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Берік Бисекенов арнайы барып, сөз сөйледі. Аудан басшысы өз сөзінде «Құрметті ұстаздар қадірменді ардагерлеріміз көптеген жылдар бойы осы салада еңбек етіп тер төгіп жүрген ұстаздар қауымын бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Әлемдегі бар тіршіліктің көзі сіздерден бастау алады. Себебі сіздердің елімізге қосып жатқан үлестеріңіз өте көп. Әрине түсінген адамға. Жұмыс болғасын қиындығы болады. Әсіресе бір-бір үйдің ерке баласының бабын тауып білім үйрету оңай емес.

Сонымен қатар қоғамдық жұмыспен бірге басқа да іс-шараларды қоса атқарып жүрген ұстаздар күш жергерлеріңіз таусылмасын. Алдағы уақытта толғай табыстарыңыз мол болып, биіктен көріне берулеріңізге тілектеспін. Бүгінгі төл меркелеріңіз құтты болсын! » — деп бірқатар ұстаздарға  шипажайға жолдама мен алғыс хаттар табыстады. Осы орайда мерекелік кеш өз жалғасын кезінде білім берген ұстаздарына қазіргі таңда бір-бір басшы, жас маман болып жұмыс атқаратын оқушыларының игі тілегімен ұштасты. Әлбетте, алғаш қалам ұстатып, білмеген сөзін ұстазына бірнеше рет қайталап сұрайтын оқушысы бүгінгі мейрамда ізгі тілегін жеткізіп тұрса үлкен қуаныш, үлкен мәртебе болары сөзсіз. Ұстазға қандай сый жасасаң да артық етпейді. Осы кеште де бірі гүл шоғын сыйласа, бірі үш тілде тілегін жеткізді. Енді бірі жүрек жарды жырымен үн қосты. Әрмен қарай кеш зейнеткерлік жастағы ұстаздардың өнгелі әңгімесімен, әсерлі тілектерімен жалғасын тапты.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар