Әлеумет
«30 игі іс» акциясы
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы бастамасымен “Қайырымды марафон” жобасы бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығы аясында іске асырылып жатырған “30 игі іс “акциясы қолға алынған болатын.
Алдымен орталық жастары бірлесе келе, өзіміз ыстық тағаммен, тәтті, дәмділерімізді алып аудан орталығындағы мектеп интернатта жатқан науқас жандарға табыстадық. Бұл шараның басты мақсаты: ауданымыздың эпидемиологиялық ахуалына байланысты қазіргі таңда ем алып жатырған науқас жандарға демеу болып, қолдау көрсету, жастардың жүрегіне имандылық, қайырымдылық ұялату.
Технология дамыған заманда адамгершіліктен ада болмау, ауырған адамнан жағдай сұрау, көптің тілеуін тілеу секілді жастарға кішкене де болса үлгі-өнеге көрсету еді. Жақсылықта жарысу, жақсы істе жұмылу жақсылардың ісі. «Қашқан қоян — жатқан қоянды ала кетеді» – дегендей, біздің игі істі әрі қарай аудандағы мектеп, мекемелерге жолдап, олар жарыса алып кетті. Барлық мектеп, мекеме жастары аурухана да және мектеп интернатында жатқан науқас жандарға дәмді тағамдарын апарды.
Осындай игі істі бастаған біздер өзімізге ризамыз. Сәл де болса, қоғамға, елге көмек беру, елдің батасын алу мәртебе. Біз бастаған істі әрі қарай жалғастырып жатқан мектеп, мекеме жастарына, ұжымдарына алғыс білдіреміз. Бұл шара тоқтап қалмайды. Қолдан келгенше ауданның мекемелерін осы шараға көптеп тарту ойда бар.
Нұрсұлтан ЖУМИН,
Аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.