Референдум

Ата Заңда биліктің бөліну принципі нақты көрсетілген.

Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл әділдіктің сақталуына және мемлекеттің тиімді басқарылуына жол ашады. Сонымен қатар, Конституция елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған.

Мен Ата Заң жобасын қолдаймын, өйткені ол еліміздің болашағын айқындайды. Конституция – тек заңдар жиынтығы емес, ол – халқымыздың арман-мақсаты мен құндылықтарының көрінісі. Біз Ата Заңды құрметтеп, оның талаптарын орындау арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.

Қорытындылай келе, Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекетіміздің мызғымас негізі. Сондықтан мен Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын қолдаймын және оны құрметтеу әрбір азаматтың парызы деп санаймын.

Ахметов Серік Қаратауұлы — Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі

Related Articles

Back to top button