Мәдениет

«ӘНДЕР МЕН ЖЫЛДАР»

АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ӨТКЕН «ӘНДЕР МЕН ЖЫЛДАР» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАҒАН МАЗМҰНДЫ МӘДЕНИ ШАРА БОЛДЫ. УАҚЫТПЕН ҮНДЕСКЕН БҰЛ КЕШ ӨТКЕН МЕН БҮГІНДІ ЖАЛҒАП, САҒЫНЫШҚА ТОЛЫ СӘТТЕРДІ ЖАҢҒЫРТТЫ.

Концерт шымылдығы хабарлаусыз ұсынылған эстрадалық би қойылымымен ашылып, көрерменге көтеріңкі
көңіл күй сыйлады. Сахналық көріністер мен музыкалық композициялар үйлесімді өріліп, кештің мазмұнын байыта түсті. Бағдарлама барысында әр кезеңнің жүректерден орын алған әуендері орындалып, көрермендерге өткен жылдардың әсерлі сәттерін еске түсіруге мүмкіндік берілді. Ән арқылы адам жанының нәзік иірімдері, махаббат пен сағыныш, жастық пен естелік сынды тақырыптар
кеңінен көрініс тапты. Кештің ерекшелігі – көрермендермен тығыз байланыста өрбуі.
Интерактивті ойындар ұйымдастырылып, жасырылғанәндерді табу, әуендерді тану сынды қызықты бөлімдер көрерменнің белсенді қатысуымен өтті. Бұл концерттің мазмұнын жандандырып, зал мен сахна арасындағы рухани байланысты күшейтті. Кеш соңында көпшілікке таныс әуендерден құралған қорытынды бөлім ұсынылып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. «Әндер мен жылдар» концерті – ұлттық ән өнерінің өміршеңдігін дәлелдеген, өткенге тағзым жасап, бүгінгі күннің тынысын сезіндірген тағылымды шара болды. Мұндай мәдени кештер ауданның рухани өмірін байытып, өнерге деген құрметті
арттыра түсетіні анық

Related Articles

Back to top button