
Биыл ауыл спортшыларының жазғы аудандық спартакиадасы даңқты тарышы Шығанақ Берсиевтің туғанына 145 жыл толуына орай Саралжын ауылдық округінде ұйымдастырылды. Ауыл жастары үшін мерекелік маңызға ие спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту, ауыл тұрғындарының, жастардың денсаулығын шыңдау, бос уақыттарын мәнді өткізу мақсатындағы спартакиада 11 спорт түрі (волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату мен бес асық, дәстүрлі садақ ату, үстел теннисі, жүзу, аударыспақ, қол күрес, гір спорты ) бойынша ұйымдастырылды.
Осы спорт түрлері бойынша өткен жарысқа 8 команда қатынасып, 300 — ге жуық спортшы қамтылды. (Ойыл, Қайыңды, Кемер, Саралжын, Ш.Берсиев, Көптоғай, Сарбие, Қараой) қатынасты. Волейбол, шағын футболдан өткен ақтық ойындар тартысты өтіп, көрермендер көңілінен шықты. Он спорт түрінен өткен жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп бойынша Көптоғай ауылдық округі командасы 221 ұпай жинап І орынға ие болып, ауыспалы кубокты жеңіп алды. 215 ұпаймен ІІ орынды Ойыл ауылдық округі командасы, 198 ұпай жинап ІІІ орынды Саралжын ауылдық округі командасы ие болды.
Шағын Футболдан І орын Сарбие ауылдық округі, ІІ орын Ойыл ауылдық округі, ІІІ орын Қараой ауылдық округі командасы иеленді. Волейбол сайысында (ер) ІІІ орын Ш.Берсиев ауылдық округі командасы, ІІ орын Ойыл ауылдық округі, І орынды жеңіп алған Саралжын ауылдық округі командасы ие болды.
Волейбол сайысында (қыз) ІІІ орын Кемер ауылы командасы, ІІ орын Қайыңды ауылдық округі, І орынды жеңіп алған Қараой ауылдық округі командасы.
Қазақ күресі: 55 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Е. Жандау (Сарбие), ІІ орын Шыңғысов Бейбіт (Қайыңды), І орын Д. Қабдуахит (Ойыл). 60 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Е. Досжанов (Ш.Берсиев), ІІ орын Н.Демеуұлы (Сарбие), І орын Д. Қабдуахит (Ойыл). 66 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Ұ. Жұмағалиев (Қараой), ІІ орын С. Асылханов (Көптоғай), І орын А. Демеуұлы (Сарбие). 74 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын С. Маликов (Кемер), ІІ орын А. Атшыбай (Қараой), І орын Г. Ибрайымов (Ш.Берсиев). 82 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын М. Махмутов (Қайыңды), ІІ орын А. Шерниязов (Сарбие), І орын Б. Мырзағұлұлы (Көптоғай). + 90 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Н. Жоламанов (Кемер), ІІ орын С. Есенаманов (Қараой), І орын А. Ақдәулетұлы (Ш.Берсиев).
Қол күрес: 60 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Н. Ықыласов (Кемер), ІІ орын Ж. Аманжолов (Көптоғай), І орын Н. Абайұлы (Қараой). 70 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Н. Қайыржан (Ш. Берсиев), ІІ орын Б. Теңелбайұлы (Сарбие), І орын Ш. Кенжебай (Қараой). 80 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын А. Бисенғалиев (Сарбие), ІІ орын Н. Кәкімжанов (Ойыл), І орын Е. Теңел (Кемер). +90 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Б. Күсембаев (Қайыңды), ІІ орын Ш. Хасенов (Сарбие), І орын А. Ержан (Кемер).
Гір спорты: 60 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Д. Дауабаев (Қараой), ІІ орын Ж. Аманжолов (Көптоғай), І орын Сарсен Қуандық (Кемер). 70 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Д. Көшбалаев (Кемер), ІІ орын М. Шыңғысов (Қайыңды), І орын Н. Сәрсенғалиев (Көптоғай). 80 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Б. Аманжолов (Қайыңды), ІІ орын Б. Мырзағұлұлы (Көптоғай), І орын А. Балтабай (Ш.Берсиев). +95 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын З. Бергалиев (Ойыл), ІІ орын А. Жабасов (Ш.Берсиев), І орын А. Төлепбергенов (Көптоғай).
Аударыспақ: 70 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын А. Әділханов (Қараой), ІІ орын Б. Ауданбекұлы (Ш.Берсиев), І орын Қ. Ғұмаров (Көптоғай). 80 келі салмақ дәрежесінен жоғары ІІІ орын Н. Санатов (Ойыл), ІІ орын А. Қабдрахиев (Сарбие), І орын Қ. Оңғарұлы (Көптоғай).
Дәстүрлі садақ ату: қыздар ІІІ орын І. Дүйсенғалиева (Кемер), ІІ орын Д. Құрманғазина (Қайыңды), І орын А. Болатова (Көптоғай). Ерлер: ІІІ орын Б. Шойынов (Көптоғай), ІІ орын Е. Сәрсенбаев (Ш. Берсиев), І орын Д. Дулатұлы (Ойыл).
Тоғызқұмалақ: ерлер ІІІ орын Қ. Сағынғанов (Ш.Берсиев), ІІ орын Қ. Бердіғалиев (Ойыл), І орын Н. Арихов (Кемер).
Тоғызқұмалақ: қыздар ІІІ орын А. Болатова (Көптоғай), ІІ орын М. Сейілханқызы (Кемер), І орын Г. Сырлыбаев (Ойыл).
Асық ату (ер): ІІІ орын С. Аманжолов (Қайыңды), ІІ орын Ұ. Жұмағалиев (Қараой), І орын Ш. Есекенов (Ш.Берсиев).
Бес асық (қыз): ІІІ орын А. Болатова (Көптоғай), ІІ орын А. Елеуова (Ш. Берсиев), І орын Ш. Болатова (Қараой).
Үстел теннисі: ерлер ІІІ орын Н. Ешімов (Ойыл), ІІ орын Н. Ильясов (Қайыңды), І орын Ә. Бірімғалиев (Көптоғай).
Үстел теннисі: қыздар ІІІ орын Р. Кульмаметова (Ойыл), ІІ орын Ә. Әбдіқұлова (Сарбие), І орын А. Шаймерденова (Көптоғай).
Жүзу: ерлер ІІІ орын Ә. Жұмабаев (Кемер), ІІ орын А. Қабдрахиев (Сарбие), І орын Д. Аманқосов (Ойыл).
Жүзу: қыздар ІІІ орын Ш. Бекболат (Сарбие), ІІ орын Д. Құрманғазина (Қайыңды), І орын М. Досжанова (Көптоғай).
Ауыл спортшыларының жазғы аудандық спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегелерге жекелей спорт түрлерінен өткен жарыста әр спортшыға алқа тағып, мадақтама және Кемер аулы демеушілерінің қолдауымен қаржылай марапатталды.








