Денсаулық

АФРИКАЛЫҚ ШОШҚА ОБАСЫ

Шошқа обасы — шошқаның вирус арқылы таралатын жұқпалы індеті. Шошқалардың аса қауіпті жоғары жұқпалы вирустық ауруы, қызба, тері цианозы (көкшіл) немесе гиперемия (қызару), ішкі ағзаларындағы кең геморрагиялармен сипатталады. Жыл мезгіліне қарамастан барлық тұқымдағы және еметін жас торайлар, үй шошқалары аурады. Жануарлардың басқа түрлеріне,сондай-ақ, адамдарға вирус жұқпайды.

Инфекция көзі — ауру жануарлармен вирус тасымалдаушылар (жабайы шошқалар). Қоздырғыштың берілу факторлары — ауру жануарлардың секрецияларымен ластанған жем, жайылым, көлік құралдары.             Жануарларда дене қызуы 41-42 С-қа дейін көтеріледі. Дененің әртүрлі бөліктерінің терісінде,  әсіресе іштің маңайында, шаптың беттерінде күлгін-қызылдақтар, қанталау және гематомалар пайда болады. Ауру алғаш пайда болған кезде аурушаңдығы мен өлім-жітімі 100%-ға жақындайды.                                                            Африкалық шошқа обасының алдын алудың тиімді құралдары (вакциналар) әлі әзірленбеген, емдеуге тыйым салынады. Инфекция ошағы пайда болған жағдайда (карантин), ауру шошқа басын қансыз әдіспен толығымен жою, сондай-ақ ошақ пен одан 20 шақырым радиуста барлық шошқаларды жою қолданылады. Ауру және ауру жануарлармен байланыста болған жануарлар кейіннен өлекселерді өртеп союға жатады.

ҚР АШМ ВБжҚ Комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспециясы

Related Articles

Back to top button