Әлеумет
Балаларға балмұздақ жауды
1 маусым күні еліміздің барлық жерлеріндегідей Ойылда да Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде өтті. Әдеттегі жылдардан айырмашылығы бұл жолы Ойыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үлкен алаңы балалардың нағыз думанына бөленді.
Жыл бойы әртүрлі деңгейдегі білім, өнер спорт сайыстары мен байқауларында ауданның намысын қорғап, топ жарып, жүлдегер атанғандар шерумен өтіп, алаңда өнерлерін көрсетті. Табиғат ананың мейірімі ерекше төгілген сәтте аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев үздіктерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстаса, атымтай кәсіпкерлер Талғат Есқалиев, Қуаныш Қыстаубай, Асқар Шыңбаев, Талғат Қазиев, Қайрат Еркіновтер балаларға тегін балмұздақ ұсынды. Мерекелік шара балалардың ән-жырына ұласты.