Әкімдік

Жемқорлыққа жол бермейміз!

ЕЛІМІЗ АЗАТТЫҚ АЛҒАННАН БЕРІ ЖАҢА ҚОҒАМДА ӨМІР СҮРІП КЕЛЕМІЗ. АЗ ҒАНА УАҚЫТТЫҢ ІШІНДЕ ІСКЕРЛІК ҚАБІЛЕТІМІЗДІ АРТТЫРЫП, ӘЛЕМНІҢ АЛПАУЫТ ЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЫНА ҰМТЫЛУДАМЫЗ. ЖАҢА ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТЫ ДА ОСЫ. АЛАЙДА БОЛАШАҚҚА НАҚТЫ БАҒЫТ-БАҒДАРМЕН ҚАДАМ БАСҚАН САЙЫН ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМІ ТАБЫЛМАЙ ТҰРҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ – СЫЙБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ. 

Осы орайда жуырда ауданымызға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті басшысы Мирлан Мұхамбетов пен «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Мұхтарита Сағындықованың арнайы қатынасуымен, аудан тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Онда сыбайлас жемқорлықтың алдын — алу жұмыстарының тиімділігін арттыру керектігі айтылды. Сонымен бірге жемқорлық фактілері болған жағдайда заңмен жазаланатындығы бейнебаян арқылы көрсетілді. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық фактьлері көбінесе денсаулық сақтау саласы мен білім беру орындарында белең алып келеді. Елдің даму жолында кері әсерін беретін кеселдің алдын алу үшін бірлесіп жұмыс жасау қажет. Осы бағытта «Ақтөбе — адалдық алаңы» өз жұмысын қарқынды жүргізіп келеді. Айта кетсек, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін өлшейтін халықаралық ұйымдардың мәліметінше еліміз 122 орында тұр. Әйтсе де осы бір қоғам дертінің дендеп кетпеуі үшін азаттықтың ақ таңында ел үшін адал қызмет атқару басты парызымыз.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар