Басты тақырыпМәдениет

Біздің Қайсар — Белсенді жас

 Шер аға айтқандай «Таланттылар – раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады». Біз жазғалы отырған кейіпкер осыған дәлел. Бір емес, бірнеше аспаптың құлағында ойнап жүрген жас жігіт талай бәйгеде топ жарып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүр.

Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күнін атап өту мақсатында «Солнечный» демалыс орталығында «Жастар күші – жарқын істердің бастауы» атты мерекелік шара өтті. Айтулы шараға біздің ауданынан белсенді жас, Қайсар Махметов қатысып келді. Мәдениет саласының алға басуына бойдағы таланты арқылы атсалысып келе жатқан Қайсар Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова атынан алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар