ӘкімдікБілім
Ашық тәрбие сағатының арқауы «адалдық алаңы»
Қазіргі таңда қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары елімізде тоқтаусыз жалғасып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін құрылған арнайы сарапшы мамандардың мәліметінше қоғам дертінің негізгі ошағы медицина, білім салаларында көптеп кездеседі. Сондықтан оның алдын алу мақсатында бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесі жаман емес.
Осы орайда кеше аудан әкімі Асқар Қазыбаев Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде «Адалдық алаңы» жобасы аясында 3 б класында өткен ашық тәрбие сағатына қатысты. Онда аталған мектептің 3 б класс оқушыларының класс жетекшісі Айзат Рысқалиева ашық тәрбие сағатын адалдық тақырыбында өрбітті. Бір сағаттың ішінде ұстаздық шеберлігін көрсете білген Айзат Тыныштыққызы оқушыларға адамгершілік пен адалдық тақырыбын жан-жақты түсіндірді. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, бастауыш сыныпта оқитын бөбектеріміз өз белсенділіктерін көрсетті. Ал, аудан әкімі оқушылардың расында озық ойлы, белсенді екендігіне тәнті бола отырып, олармен ашық сұхбат құрды.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.