Әкімдік

«Ақтөбе — адалдық алаңы» жемқорлыққа жол бермейді

Өткен аптада ауданымызға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов пен «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің басшысы Жанболат Тұртаев арнайы келіп, аудандағы мемлекеттік қызмет көрсету орындарын аралады.

Алдымен Ойыл селолық әкімдігі ғимаратын аралап, бөлім басшыларына бірнеше сауалдарын қойып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Нұрмаханұлы мен аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сәрсенбай Аманғосов селолық әкімдік ішінен арнайы жасақталған «Ашық әкімдік» бөлмесінің лентасын қиды. Сонымен бірге «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында мемекеме басшыларымен кездесіп, Ғалымбек Досанов қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз иммунитет қалыптастыру керектігін баса айтап, сыбайлас жемқорлықты қоғам болып күресуге үндесе, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің басшысы Жанболат Бақиұлы азаматтарды жобасының жұмысына жұмыла атсалысуға шақырды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар