Әкімдік
Көшпелі семинар көп сый ұсынды
«Қазақстандық кәсіподақтар - тұрақтылық тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының арқауы» - деп Елбасы атап көрсеткендей, қай қоғамда да өзіндік атқарар орны бар кәсіподақ ұйымы бүгінде заман тала-бына сай ізденістер үстінде. Сол ізденістің куәсі – халықпен тікелей жүздесіп, талап-тілегіне құлақ түру. Өйткені, кәсіподақ –қоғам дамуының ажырамас бөлігі.
Кеше аудандық мәдениет үйінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Жаһандану жағдайында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жұмысының өзектілігі» атты көшпелі семинары өтті. Семинар жұмысына Ақтөбе облысындағы аудандардағы филиалдарының төрағалары мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқашева, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызмет-керлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлес-тігінің төрайымы Раушан Серікова, ауданы әкімінің орынбасары Мұрат-бай Айдарбаев және Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлмира Избагамбетова мен аудандағы салалық кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.
Көшпелі семинардың шымылдығын ашқан «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Серікова жалпы облыстағы жұмысты саралап, оның ішінде Ойыл аудандық филиалының жұмысын жоғары бағалап, мүшелерінің белсен-ділігін атап өтті. Сонымен қатар, өздері тарапынан жасалған ұсыныс-тілектер мен мұғалімдердің мүддесін қорғауға бағытталған жұмыстары үшін ауданның атқарушы билігіне де алғыстарын білдірді. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызмет-керлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқа-шева осы қызметке жуырда тағайын-далғанын және іссапарын өзінің туған өлкесінен бастап тұрғанын мақта-нышпен жеткізіп, кәсіподақ ұйымы-ның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірді. Ал, әңгімесін «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасына бұрғанда тереңнен толғады. Аталған заң жобасын әзірлеуге, оны одан әрі Мәжілісте қарастыру үшін құрылған жұмыс топтарының мүшесі ретінде ұстаздар қауымына кейбір мәселе-лерді жан-жақты түсіндірді. Яғни, Мәжілістегі Заң жобасын талқылау кезінде 5 баптың мазмұны түбегейлі өзгеріпті. Нәтижесінде, «Педаго-гикалық әдеп және педагогтың анты» деп аталатын баптың «Педагогтың анты» деген бөлігі алынып таста-лыпты.
Ал, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев аудандағы білім саласына жасалып жатқан мүмкін-діктер туралы айтса, семинар бары-сында сөз алған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызмет-керлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Райхан Қыдыр-баева мұғалімдердің сауалдарына жауап берді. Семинар соңы кәсіподақ мүшелеріне құрметке ұласты. Яғни, Айгүл Мақсатқызы Ойыл аудандық білім бөлімі басшысының орынба-сары Сәндігүл Өткелбаева мен Қара-су негізгі мектебінің бастауыш кәсіп-одақ ұйымының төрағасы, дене шынықтыру пәні мұғалімі Жаңабай Қалиевтардың кеудесіне «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақса, Ойыл қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мақсат Сұлтанов, Қараой мектеп балабақ-шасы шаруашылық меңгерушісі Бибігүл Құлекешова, Амангелді орта мектебінің әлеуметтік педагогі Гүл-жанат Ахметова мен Ш.Бекмұхам-бетова атындағы мектеп-гимна-зиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Саға-товаларға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамо-тасын тапсырды.
Ал, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Серікова Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі дирек-тордың шаруашылық жөніндегі орын-басары Гүлдәрі Есенова, Сапақкөл орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Сембай Абдрахманов, Аудандық оқушылар үйінің жұмысшысы Аршат Төре-ғалиев, Жамбыл мектеп балабақ-шасының жұмысшысы Аманжан Қайырғазин мен «Жолшы» бөбекжай бақшасының шаруашылық меңгеру-шісі Нұрсұлу Құрманғалиева Қазақ-стандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының Құрмет грамотасы мен сыйақы сертифи-катын тапсырып, олардың ішінде Мақсат Сұлтанов пен Сембай Аб-драхмановқа шипажайға жолдама берді.
Бұл кездесу – кәсіподақтың еңбек адамдарының мұң-мұқтажын, мүдде-лерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- эконо-микалық қолдау көрсететін басты ұйым екенінің дәлелі болса, елімізде болып жатқан түрлі жетістіктер мен жақсылықтарда кәсіподақ ұйымда-рының қосып жатқан үлесіне де көз жеткіздік. «Еңбек адамына – лайықты өмір» кәсіподақ ұйымының басты қағидасы екенінің айғағы да осы.
Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.