Әкімдік
Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Ойылдың бүгінгі тіршілігімен танысты

Өткен аптада Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері жоспарлы жұмыс іссапарымен Ойыл ауданына келді. Іссапар барысында кеңес мүшелері бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, Ойыл кіреберісіндегі көпір құрылысы мен «Асанәлі» бөбекжай-балабақшасының жөндеу жұмыстарының барысын қарады. Сондай-ақ Ойыл аудандық білім бөлімінде жиын өткізді. Кеңес мүшелері жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасына және белгіленген мерзімде аяқталуына баса назар аударып, мердігер ұйымдарға нақты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сапар соңында аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардан келіп түскен өтініштер мен сұрақтарға жауап берілді.