ӘкімдікБасты тақырып

Елбасының алғыс хаты табысталды

Биыл елімізде үлкен саяси науқан өткені баршаға мәлім. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат құрамы жаңа тұлғалармен толықты. Осы орайда ағымдағы жылдың 10 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан Ойыл ауданындағы «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, ортақ жеңіске үлес қосқан азаматтар, қоғамдық штаб өкілдері Елбасы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Саяси науқан кезінде тынымсыз еңбек еткен жандарды «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық  филиалының сайлауалды штабының төрағасы Сәкен Займолдин құттықтап, Елбасының алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар партия үшін сындарлы кезеңде аянбай қызмет еткен азаматтарға алғысын білдіріп, партияның жұмысына белсене атсалысып, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан жандардың еңбегіне тоқталды.

М.ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар