Әлеумет
Айтулы мерекеде «Береке» мейрамханасы ашылды
СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ӨЗ КӘСІБІН КЕҢЕЙТУ ҮШІН ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУ ҮШІН КӨПТЕГЕН ҚОЛДАУЛАР КӨРСЕТІЛІП КЕЛЕДІ. АУДАНЫМЫЗДАҒЫ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАРЫСА БОЙ КӨТЕРУІ БІЗДІҢ АЙМАҚТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ІЛГЕРІ ДАМУЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ.
Осы орайда өткен аптаның соңын-да көп жылдардан бері жеке кәсіпкер болып, халық тұтынатын тауарлар сатып қызмет көрсетіп келе жатқан Айнаш Шуақова село орталығынан «Береке» атты мейрамханасын аш-ты. Атап өтсек, Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп-керлікті дамытудың 2017-2021 жыл-дарға арналған бағдарламасы аясын-да «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 6 миллион теңге көлемінде несие алып, шаруа-сын кеңейтіп отыр. Көкжар көшесіне сән беріп, сәулеті жарасқан мейрам-хананың ашылу салтанатына Айнаш Сағынғалиқызының ағайын-туыс-тары, сауда-саттық саласындағы достарымен бірге аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатынасып, жиылған жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен қатар жаңа мейрамхананың ашылуымен құттық-тады. Сонымен бірге жиылған көп-шілік шашу шашып, ақжарма тілек-терін кезектесе білдірді. Жаңа мей-рамхананың лентасын Рысты Сағын-ғалиқызы мен Павел Дмитриевич қиды. Одан кейін Айнаш Сағынғали-қызының қуанышымен бөлісе келген көпшілік «Береке» мейрамханасының төрінен орын алып, жайылған дас-тарханнан дәм татты.
М.ӘДІЛБАЙҰЛЫ.