ӘкімдікБасты тақырып
«Жасыл ел» жасағымен кездесу
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында «Жасыл ел» жасағының жастарымен кездесу өткізілді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.Айдарбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары С.Займолдин және Ойыл ауылдық округінің әкімі С.Дәулетқалиев қатысты.
Еркін форматтағы кездесу барысында жастар мен басшылар пікір алмасып, бірқатар мәселелердің шешілу жолдарын талқылады. Аудан жастары да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда өз үлестерін қосуда. Ел үшін білекті түріп, іске кірісіп жатқан жастарға аға буын бағыт-бағдар беріп, алдағы атқарылатын шараларға жоспар құрылды.