Әлеумет

Шаруаның көзін тапқан кәсіпкер

Жуырда халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін ALIHAN азақ-түлік дүкенінің ашылу салтанатты өтті. Жаңадан ашылған дүкеннің тұсауын жас кәсіпкер Айзат Тарыбайдың анасы Дәмелі апай кесті. Ашылу рәсіміне жиылған көпшілік шағын кәсіптің алға өрлеуіне ақжарма тілектерін білдірді. Дүкенде қарапайым халыққа қолжетімді бағада барлық азық-түлік өнімдері бар.

Жас кәсіпкер Айзат Тарыбай бастапқыда жылқы малын  өсіруге  «Еңбек» бағдарламасы бойынша мемлекеттен былтыр несие алып  мал шаруашылығын қолға алған. Бүгінде шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкер түскен қаржыға ALIHAN дүкенін ашып отыр. Мемлекеттің қолдауымен жүзеге асқан жылқы өсіру кәсібі бүгінде қосымша шағын кәсіптермен жалғасын табуда. Кәсіпкердің анасы Дәмелі апайдың айтуына қарағанда былтыр несиеге алған малды бағып, оның өнімін сатып түскен қаржыға халық игілігіне арнап дүкен ашқандықтарын айтады. «Жалпы еңбек еткен адамға қандай кәсіп болмасын көзін тапсаң, берері мол болады. Біз бағып, баптап отырған жылқылардың өнімдерінен түскен қаржы олардың жем суына жеткелікті. Одан артылғанын өздеріңіз көріп отырғандай шағын кәсіп ашуға жұмсап отырмыз. Алдағы уақытта да жоспарлар бар», — дейді.  «Әрекет ету адамнан, берекеті Құдайдан» — деп халық тегін айтпаған.  Екі қолға бір күрек таппай жүрген жастарға кәсіпкердің атқарып жатқан жұмысы қашанда үлгі. Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар арқылы бөлінген ақшаны  алып одан әрі кәсіпті ұршықша иіру кез келгеннің қолынан келе бермейтіні анық. Ал, Айзаттың бір кәсіпті екіншісімен ұштастырып халық игіліне жұмыс жасап жатқандығы қуантады.

Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар