Әкімдік

Праймеризге ішкі іріктеу жұмыстары басталды

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы ғимара-тында ұйымдастыру комитетінің қатынасуымен ішкі іріктеу жұмыстары басталды. Онда праймериз ережесіне сәйкес үміткерлердің қажетті құжат-тары тексеріліп, толыққанды қарал-ды. «Nur Otan» партиясы Ойыл аудан-дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин партия атынан аламанға түсетін белсенді көшбасшыларды іріктеу үшін әділ түр-де бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Аудан бойынша «Nur Otan» партиясы праймеризіне қатысуға 25 адам ниет білдіруде. 25 үміткердің 15-і өзін-өзі ұсынса, 10 үміткерді бастауыш партия ұйымы ұсынып отыр. Олардың арасында нәзікжандылар мен жастардың талабы жоғары. Айта кетсек, үміткерлерді тіркеу кезеңі 28 тамызға дейін жалғасады. 

Өз тілшіміз.

Related Articles

Back to top button