ӘлеуметБасты тақырып

2021 баспасөзге жазылу науқаны басталды

Өткен аптада ауданымызға облысымыздың қоғамдық-саяси бас газеттері «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Бабажанұлы мен Айгүл Маратқызы арнайы келді. Бүгінгі күні жазылуға кеңес беріп отырған «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері ақпаратты түрлендіріп емес, оқырмандарына нақты дерек көзінен алып беретін, шынайы, тексерілген ақпаратты ғана жариялап келе жатқан газеттер. Жалпы өңір өмірі мен тыныс-тіршілігі осы газет беттерінде жарық көруде.

Қос газеттің редакторлары кездесу кезінде ойылдықтарды басылымға жазылуға шақырып, ұзақ жылдар бойы тұрақты оқырмандары мен аталған газетке тұрақты жазылып жүрген аудандық аурухана мен білім бөлімінің қызметкерлеріне зор алығысын білдіріп, алғыс хаттарын табыстады.
— Біздің оқырмандарымыздың көпшілігі – ауыл тұрғындары. Сондықтан біз үшін тұрақты оқырмандарымызбен кездескен әрбір сәт қымбат. Әлемді алаңдатқан коронавирус індетінің салдарынан біз аудандарға іссапарға шығуға уақытша шектеу қойдық. Бірақ газеттің әрбір нөмірінде ауыл өмірі туралы жан-жақты мәлімет беріп отыруға тырысамыз, — деді өз сөздерінде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен Айгүл Нұркеева.
Еске салсақ, биыл қараша айында «Ойыл» газетіне 90 жыл толады. «Ғасырға таяу тарихы бар газеттің 90 жылдық торқалы тойын атап өтуге болар еді. Бірақ біз коронавирус індетіне байланысты сақтық шараларын естен шығармауымыз керек», — деп барша оқырмандарды тойға тарту ретінде аймақтың тыныс-тіршілігінің айнасына айналған «Ойыл» газетіне белсенді жазылуға шақырған «Ойыл» газетінің редакторы Серікбай Қойбағаров қос газеттің ұжымына да толағай табыс тіледі.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар